Ақнұр Тұрсынғали жасөспірімдер Олимпиадасының күміс жүлдегері атанды

333

Ол алғашқы раундта қарсыласынан басым түсті.

Ақнұр Тұрсынғали жасөспірімдер Олимпиадасының күміс жүлдегері атанды Фото: olympic.kz

Қазақстандық боксшы Ақнұр Тұрсынғали Дакарда (Сенегал) өтіп жатқан жасөспірімдер Олимпиадасында күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен отандасымыз финалда Бразилия өкілі Сара Кампоспен кездесті.

Жекпе-жектің алғашқы раундында Ақнұр басымдық танытты. Алайда екінші және үшінші раундтарда бразилиялық боксшы басым түсіп, 4:1 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша, Ақнұр Тұрсынғали жарысты күміс жүлдемен аяқтады.

Айта кетейік, осы жеңістен кейін Қазақстан құрамасының еншісінде алты медаль бар. Бұған дейін дзюдошы Фатима Сұпығалиева (52 келіге дейін) мен велошабандоз Әнел Тәшбай алтын медаль иеленсе, таеквондошы Любовь Юн (63 келіден жоғары), триатлоншы Рамазан Әйнегов және боксшы Марал Төлепберген (54 келіге дейін) қола жүлдеге қол жеткізген еді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу