АҚШ билігі Қытайдың Huawei компаниясын қысымға алды

2769

Жуырда Вашингтон мемлекеттік мекемелерге Huawei-дің жабдықтарын сатып алуға уақытша тыйым салмақ. 

АҚШ билігі Қытайдың Huawei компаниясын қысымға алды

АҚШ мемлекеттік мекемелердің Huawei шығаратын телекоммуникациялық, видеобақылау өнімдері мен басқа да қызмет түрлерін сатып алуына шектеу қоймақ . Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады. 
Құжат 13 тамыздан бастап күшіне енеді. Сондай-ақ шектеулер ZTE и Hikvision өнімдеріне де енгізіліп отыр. 

Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Huawei төңірегіндегі ахуалды елдегі ірі технологиялық компаниялардың басшылығымен талқылаған болатын. Кездесуге Google, Cisco, Intel Micron Technology, Western Digital, Qualcomm және Broadco компанияларының басшылары қатысты. 

Естеріңізге сала кетейік, мамыр айында АҚШ америкалық компанияларға Huawei-мен жұмыс істеуге тыйым салған еді. Бұл шешім Вашингтонның ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымын сыртқы қауіптерден сақтау шарасы ретінде қабылданды. Яғни АҚШ компанияны тыңшылықпен айналысты және зияткерлік меншікті ұрлады деп айыптады. Ал Huawei өзіне тағылған кінәні жоққа шығарып, Қытай үкіметінің бақылауында еместігін айтты. Осы жайттан кейін компания АҚШ үкіметіне қарсы қуыным берді. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу