АҚШ бұдан былай Колумбияға қаржылай көмек бермейді

293

Бұл туралы Трамп әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. 

АҚШ бұдан былай Колумбияға қаржылай көмек бермейді Фото: Haqqin

АҚШ президенті Дональд Трамп Колумбияға берілетін төлемдер мен қаржылай көмек түрлері тоқтатылатынын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты EADaily-ге сілтеме жасап.

19 қазанда Трамп Truth Social желісіндегі парақшасында Колумбия президенті Густаво Петрoны қатаң айыптады.

"Колумбия президенті Густаво Петро – заңсыз есірткі саудасының жетекшісі. Ол ел ішінде үлкен және кіші плантацияларда есірткі өндірісін қолдайды. Бұл Колумбиядағы ең ірі бизнеске айналды, ал Петро оны тоқтату үшін ештеңе істеп жатқан жоқ. АҚШ қомақты төлемдер мен субсидиялар беріп отыр. Бүгіннен бастап Колумбияға бұл төлемдер және басқа да қаржылай көмек түрлері берілмейді", – деп жазды Ақ үй басшысы. 

Бұған дейін АҚШ әскері есірткі тасымалданды деген желеумен қайыққа шабуыл жасады. Кейін Колумбия президенті Густаво Петро бұл қайықта жергілікті балықшылар отырғанын айтқан.

Соңғы уақытта екі ел арасындағы қарым-қатынасқа сызат түскені байқалып отыр. Вашингтон Петроның саясаты тараптардың одақтастығына кері әсерін беріп жатыр деп есептейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу