Ол Вашингтон мен Тегеран арасындағы келіспеушілік үдей түскенін айтып отыр,
деп жазады inbusiness.kz сайты.
Осылайша, АҚШ әскері жексенбіде Иран аумағындағы бірнеше нысанаға әуе соққыларын жасаған.
– АҚШ-тың жоғары лауазымды шенеуніктерінің бірі шамамен бір сағат бұрын АҚШ әскері Ормуз бұғазы маңындағы бірнеше жерде Иранның зымыран кешендері мен әуе қорғанысы жүйелеріне, сонымен қатар Ислам революциясы сақшылар корпусының шағын жүрдек катерлеріне бірнеше соққы жасағанын айтты, – деп жазды ол X әлеуметтік желісінде.
Ал Иранның мемлекеттік ақпарат құралдарының мәліметінше, Парсы шығанағы жағалауындағы Хормозган провинциясында жасалған шабуыл салдарынан телекоммуникация компаниясының бір қызметкері қаза тапқан.
– Mobile Communications of Iran компаниясының бір қызметкері қызметтік міндетін атқару кезінде көз жұмды, тағы екі әріптесі жарақат алды, – деп хабарлады IRNA мемлекеттік ақпарат агенттігі.
Өз кезегінде Кувейттің Қорғаныс министрлігі АҚШ пен Иран арасындағы жаңа шабуылдар барысында шекарадағы 3 бекет пен мемлекеттік Kuwait Petroleum мұнай-газ компаниясына тиесілі теңіздегі бұрғылау платформасына соққы жасалғанын мәлімдеді. Салдарынан бір қызметкер жараланған.
Иранның Fars агенттігінің жазуынша, Ислам революциясы сақшылар корпусы (КСИР) дрондардың көмегімен Кувейт аумағындағы америкалық зымыран ұшыру қондырғыларына шабуыл жасаған.
Таяу Шығыстағы ахуалдың жаңа шиеленісі туралы ақпарат сәт сайын жаңарып жатыр.