АҚШ Иранда жүрген америкалықтарға шұғыл мәлімдеме жасады

Anadolu Agency басылымы бұған елдің әуе кеңістігінің ішінара ашылуы себеп болғанын жазып отыр. 

АҚШ Иранда жүрген америкалықтарға шұғыл мәлімдеме жасады Фото: AP Photo / Julia Demaree Nikhinson

Осылайша, АҚШ Мемлекеттік департаменті өз азаматтарына Ираннан тез арада кетуге кеңес берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Мұндай мәлімет АҚШ-тың Тегеран қаласындағы виртуалды елшілігі жариялаған қауіпсіздік жөніндегі хабарламада айтылды. 

21 сәуірде Иранның әуе кеңістігі ішінара ашылып, шектеулі көлемде әуе рейстері қайта іске қосылған еді. 

АҚШ азаматтарына елден мүмкіндігінше тезірек шығу, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарындағы жаңартуларды бақылау және қолжетімді рейстер туралы ақпаратты әуе компанияларынан нақтылау ұсынылған. 

Сонымен қатар, Мемлекеттік департамент Ираннан Армения, Әзербайжан, Түркия және Түрікменстан арқылы құрлықпен шығу бағыттарын да көрсетіп берді. 
Мұнан бөлек, Ауғанстан, Ирак және Пәкістан шекарасына жақын аймақтарға бармау жөнінде ескерту жасалды. 

Бұған дейін Иранның БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі Амир-Саид Иравани АҚШ-пен келіссөздердің жаңа кезеңі Вашингтонның блокадасы тоқтатылған жағдайда ғана мүмкін болатынын мәлім етіп, АҚШ-ты "атысты тоқтату режимін бұзды" деп айыптады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу