Құжатқа сәйкес, АҚШ-қа импортталатын және Иранмен тікелей немесе жанама түрде сауда жасайтын елдерде өндірілген тауарларға адвалорлық, яғни өнімнің құнына байланысты есептелетін қосымша баж салығы қолданылуы мүмкін. Мұндай алымның мөлшері 25 пайызға дейін жетуі ықтимал.
Аталған шаралар 7 ақпаннан бастап күшіне енеді.
Сонымен қатар жарлықта Вашингтон билігінің Иранға қарсы бұрын енгізілген экономикалық санкциялардың құқықтық негізі болып келген төтенше жағдай режимін ұзарту қажет деп есептейтіні айтылған.
Құжатта Тегеранның қазіргі саясаты АҚШ үшін әлі де ерекше әрі төтенше қатер төндіріп отырғаны атап өтіледі.