АҚШ Иранның уранын иемденудің амалын табуға тырысып жатыр

Дональд Трамп Тегеранның жоғары деңгейде байытылған уранын басып алу үшін арнайы жасақ жіберу мүмкіндігін қарастыруда.  

АҚШ Иранның уранын иемденудің амалын табуға тырысып жатыр Фото: Iran.com

Десе де, сарапшылар мұның өте күрделі әрі қатерлі әскери операция екенін айтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Вашингтон соңғы бір жылда Тегеранмен жүргізген келіссөздерде Иранның ядролық қару жасау мүмкіндігін толық жоюды басты талап ретінде қойып келеді. 

Ал Иран ядролық бағдарламасының тек бейбіт энергетикаға бағытталғанын айтудан жалықпайды. 

МАГАТЭ дерегінше, Иранда 60%-ға дейін байытылған 440 келі уран бар. Бұл – теория жүзінде 10-нан аса ядролық оқтұмсық жасауға жететін мөлшер. Оның жартысына жуығы Исфаһандағы жерасты кешенінде сақталған деп есептеледі. Қалған бөлігі Натанз бен Фордоу нысандарында болуы мүмкін. Бұл үш нысан өткен жылғы соғыс кезінде АҚШ-Израиль әуе соққыларынан қатты зақымданған еді. 

– Бұндай операцияны жоспарлау да, іске асыру да мүмкін емес. Үздіксіз атыс астында қазба жұмыстарын жүргізу – шектен тыс тәуекел, – дейді Middle East Institute сарапшысы.

Негізінен уранның көбі гексафторид газ күйінде сақталған. Бұл – аса улы, ылғалмен әрекеттескенде қауіпті химикаттар түзетін зат.

Десе де, АҚШ-тың арнайы ядролық командалары уранды сол жерде жою мүмкіндігін де қарастыра алады. Бірақ бұл уранил фторидімен жерді улап, ұзақ мерзімді экологиялық апатқа әкелуі мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу