АҚШ ақыры Иранның ядролық нысандарына шабуылдады

302

АҚШ түнде Иран ядролық бағдарламасының үш негізгі нысаны – Фордо, Натанз және Исфаханға соққы жасаған.

АҚШ ақыры Иранның ядролық нысандарына шабуылдады Фото: nypost.com

АҚШ басшысы Дональд Трамптың айтуынша, негізгі нысана ретінде тау астында терең орналасқан Фордо кешені таңдалған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Барлық ұшақтар Иран әуе кеңістігін тастап шығып, сәтті түрде өз базаларына қайтып бара жатыр. Америкалық ұлы жауынгерлерімізді құттықтаймын. Мұндай операцияны әлемде ешбір армия орындай алмас еді. Енді бейбітшілік уақыты келді", – делінген жазбада.

Reuters агенттігінің деректеріне сүйенсек, операцияға B-2 Spirit стратегиялық бомбалаушы ұшақтары қатысқан.

Олар жер астындағы нығайтылған нысандарды жоюға арналған өте қуатты бомбаларды тасымалдай алады. Шабуылға дейін бірнеше сағат бұрын олардың бағыты ашық дереккөздер арқылы бақыланған – ұшақтар АҚШ-тан Гуам аралындағы базаға қарай ұшқан.

Axios басылымы жоғары лауазымды израильдік дереккөзге сілтеме жасап, Израиль АҚШ-тың соққысы туралы алдын ала хабардар болғанын жазды. Алайда Израиль әуе күштері бұл операцияға қатысқаны ресми түрде расталған жоқ.

Вашингтондағы дереккөздердің айтуынша, бұл авиациялық шабуыл Израиль мен Иран арасындағы бір аптадан астам уақыт бойы жалғасып жатқан әскери қақтығыстың ауқымын едәуір кеңейтіп отыр.

Трамп өз сөзінде "Фордо жойылды" деп жариялаған. Жалпы, Фордо кешені Иранның ядролық бағдарламасындағы ең қорғалған нысан саналады. Оның жойылуы өңірдегі әскери әрі дипломатиялық текетіресте бетбұрыс кезеңі болуы мүмкін.

Израиль бұған дейін өз әскери науқанының басты мақсаты ретінде Иранның ядролық қару жасау мүмкіндігін толық жоюды атаған болатын. Ал Иран билігі өз ядролық бағдарламасының тек бейбіт мақсатты көздейтінін айтып келеді.

Бұған қоса Батыс елдері тарапынан жүргізілген дипломатиялық келіссөздер де нәтижесіз болған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу