"АҚШ-қа кіруге рұқсат жоқ": Иран футболшылары әлем чемпионатына қатыспауы мүмкін

Өйткені, АҚШ визаларын алу процесі тым созылып кеткен.  

"АҚШ-қа кіруге рұқсат жоқ": Иран футболшылары әлем чемпионатына қатыспауы мүмкін Фото: championat.com

Бұл туралы Иран футбол федерациясының президенті Мехди Тадж айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазіргі уақытқа дейін команда мүшелерінің ешқайсысына елге кіруге рұқсат берілмей отыр.

Тадж қалыптасқан жағдайға алаңдаушылық білдірген. Алдағы күндері Халықаралық футбол қауымдастықтары федерациясының (ФИФА) өкілдерімен кездесу өткізетінін жеткізді.

Келіссөз барысында ол виза мәселесін тез шешуге нақты кепілдік талап етпек. Жағдай олай өрбімесе, Иранның турнирге қатысуына қауіп төнуі ықтимал.

Жаза кетейік, әлем чемпионаты 11 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Канада және Мексикада өтеді. Иран құрамасы Өзбекстанмен 2:2 есебімен тең ойнап, 2026 жылғы әлем чемпионатына жолдама алған еді. Олар G тобына түсті, онда Бельгия, Египет және Жаңа Зеландия құрамаларымен бақ сынайды. Топтағы барлық матч АҚШ-та өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу