АҚШ қысымынан кейін Куба тағы да жарықсыз қалды

Куба өзіне қажетті отынның небәрі 40%-ын ғана қамтамасыз ете алады.  

АҚШ қысымынан кейін Куба тағы да жарықсыз қалды Фото: Reuters

Жыл басынан бері АҚШ аралға тек наурыз айының соңында бір ресейлік танкер арқылы мұнай жеткізуге рұқсат берген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Осылайша, Кубаның электр желісі тағы да толық істен шығып отыр. DW басылымы апат АҚШ тарапынан қысымның күшеюі аясында болғанын жазады.

Bloomberg агенттігі АҚШ-тың санкциялық шектеулері шамамен 10 миллион халқы бар Кубадағы электр энергиясының созылмалы тапшылығын одан әрі ушықтырғанын мәлім етті. Мамыр айында Куба билігі отын қорының толық таусылғанын растады.

Соңғы бірнеше айда Куба тұрғындары электр жүйесіндегі ірі ақауларға бірнеше рет тап болды. Наурыз айында ел жаппай бірнеше сағат бойы жарықсыз қалса, мамырда осындай жағдай Кубаның шығыс өңірлерінде қайталанды. Электр энергиясын үнемдеу мақсатында үкімет жоспарлы түрде жарықты өшіріп отырады, мұндай шектеулер кейде бір тәулікке дейін созылып жүр.

Қиындықтан шығу үшін Куба билігі ауқымды реформаларды қолға алып келеді. Оның арасында соңғы 65 жылдағы ең ірі экономиканы ішінара жекешелендіру бастамасы бар. 2026 жылғы маусымда ел басшылығы Вашингтонның отынға қатысты шектеулерін алып тастауға қол жеткізу мақсатында 200-ге жуық нарықтық реформаны ұсынды.

Десе де, Куба мен АҚШ арасындағы келіссөздер әлі де тұйыққа тірелді. Bloomberg мәліметінше, Дональд Трамп экономикалық және саяси қысым арқылы Кубада АҚШ-қа жақын үкіметтің билікке келуін көздейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу