АҚШ пен Иран қақтығысы Еуропаның бір елін тығырыққа тіреді

Германияда жанармай бағасының өсуіне байланысты ұзын-сонар кезек қалыптасып жатыр. 

АҚШ пен Иран қақтығысы Еуропаның бір елін тығырыққа тіреді Фото: life.ru

Бұған АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соққысы себеп болған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Сол себепті, Германиядағы автокөлік жүргізушілері бензин мен дизель отыны бағасының күрт қымбаттауынан қауіптенген. Сондықтан, олар көліктерін жанармаймен толтырып алуға жанталасып жатыр. Бұл туралы елдің Жанармай құю бекеттері қауымдастығының өкілі Херберт Рабль мәлім етті. 

– Германия бойынша жанармай құю бекеттерінде ұзын кезектер байқалады. Барлығы алаңдаулы, – деп ашығын айтты ол. 

Жанармай бағасы қазірдің өзінде қарыштап барады. Ірі концерндер бағаға тағы "екі-үш пайыз" қосатынын хабарлады. Жұма күні Super E10 маркалы бензиннің бір литрі 1,780 еуро болса, жексенбіде 1,791 еуро, ал дүйсенбіде 1,830 еуроға бір-ақ жеткен.

Allgemeiner Deutscher Automobil-Club (ADAC) өкілінің сөзінше, алдағы уақытта бағаның одан да әрі қымбаттауы күтіліп отыр. 

Ел билігі мәселенің алдын алуға тырысып жатқанын хабарлаған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу