Сонымен қатар, Арагчи бұқаралық ақпарат құралдары арқылы келіссөздердің негізгі бөлігін талқылағысы келмейтінін жеткізген. Бұған қоса, "Иранның ядролық бағдарламасы туралы өтіріктің қайталануы негізгі фактілерді өзгертпейді" деді.
Министр АҚШ-тың Тегеранға бейбіт ядролық бағдарлама үшін уранды байыту қажет емес деген пікіріне түсініктеме бере отырып, Иранның ядролық қаруды таратпау туралы шарттың негізін қалаушы елдерінің бірі ретінде ядролық отын өндірісінің толық цикліне құқығы бар екенін еске салды.
"Ядролық қарудан толық бас тарта отырып, уранды байытатын құқылы елдер бар. Ираннан басқа мұндай мемлекеттер Азия, Еуропа және Оңтүстік Америкада орналасқан", - деді ол.
Арагчи АҚШ-ты агрессивті ұстанымын айыптай отырып, максимализм мен арандатушылық табысқа жету мүмкіндігін жоққа шығарудан басқа ештеңеге әкелмейтінін алға тартуда.
"Сенімді және тұрақты келісімге келуге болады. Ол үшін мықты саяси ерік пен әділ көзқарас қажет", - деп қорытындалады ол сөзін.