АҚШ пен Израильдің соққысынан соң Иранда 300-ден аса бала ауруханаға түсті

Мұндай жантүршігерлік ақпаратты Иран жедел жәрдем қызметінің басшысы Джафар Миадфар хабарлап отыр. 

АҚШ пен Израильдің соққысынан соң Иранда 300-ден аса бала ауруханаға түсті Фото: Getty Images

Оның сөзінше, ауруханаға түскендердің ең кішісі – алты айлық бала, деп жазады inbusiness.kz сайты.

– Шабуылдарда қаза тапқандардың ең жасы – бір жаста, ал жараланғандардың ең кішісі – алты айлық. Қазіргі уақытта 300-ден астам 18 жасқа дейінгі бала мен жасөспірім ауруханада жатыр, – деп мәлім етті ол мемлекеттік телеарнада.

Осыған дейін Иранның оңтүстігіндегі Минаб қаласында қыздарға арналған бастауыш мектепке жасалған израильдік соққы салдарынан 40 адамның қаза тапқаны хабарланған еді. 

ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия Иран аумағына қарулы шабуыл кезінде балалардың қаза болуына байланысты туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

Қазіргі уақытта Иран, Израиль және АҚШ арасындағы қақтығыс өзара шабуылдармен, қатал саяси риторикамен және аймақтық шиеленістің одан әрі ушығу қаупімен өрбіп әрі өршіп тұр. 

Бүгінге дейін қос тарап та әскери операциялардың жоғары қарқынын сақтап келеді, сол себепті дипломатиялық сигналдар шиеленістің әзір тоқтамайтынын байқатса керек-ті. 

Бұған дейін АҚШ пен Израиль Иранның 800-ге жуық адамын жер жастандырғанын хабарлады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу