АҚШ пен Қытай сауда соғысын уақытша тоқтатты

Қос ел өзара мүдделерге қатысты бірқатар сауда-экономикалық мәселе бойынша базалық келісімге келіп отыр. 

АҚШ пен Қытай сауда соғысын уақытша тоқтатты Фото: Teh Eng Koon/AFP via Getty Images

Синьхуа агенттігінің жазуынша, Қытай Коммерция министрінің орынбасары және халықаралық сауда келіссөздеріндегі ҚХР өкілі Ли Чэнган Куала-Лумпур қаласында кездескен, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Жаңа келіссөздер раундынан соң басталған баспасөз мәслихатында бірқатар жайт белгілі болды. 

Екі күнге созылған талқылаулар барысында тараптар АҚШ-тың Қытайдың теңіз, логистика және кеме жасау салаларына қатысты 301-бөлім аясындағы шараларын, айна баждарын уақытша тоқтату мерзімін ұзарту, фентанилге байланысты баж салығы, есірткіге қарсы ынтымақтастық, сонымен қатар, экспорттық бақылау және сауда дамуы сияқты мәселелерді талқылаған. 

Ли Чэнганның сөзінше, соңғы айда Қытай мен АҚШ арасындағы қарым-қатынастарда тұрақсыздық пен толқулар анық байқалған. Десе де, Пекин екі ел басшыларының Женевадағы келіссөздер мен телефон арқылы өткен әңгімелерінде жасалған уағдаластықтарды жүйелі түрде орындағанын сөз еткен. 

– Мұндай тұрақсыздықты Қытай қаламайды, – деп қысқа да нұсқа қайырды ҚХР өкілі. 

Қос тараптың ашық әрі сындарлы пікір алмасқаны, өзара құрмет пен тең құқықтық қағидаттарын сақтағаны белгілі болды. 

Осылайша, Қытай мен АҚШ сауда-экономикалық қатынастарды тұрақты әрі сенімді дамыту мақсатында өзара диалогты жалғастыруға ниетті саналып отыр. 

Бір апта бұрын "Қытай АҚШ-ты қатаң айыптады" деген тақырыпта материал жарияласақ,  оның алдында қос ел арасындағы сауда соғысының "тұтанғалы" тұрғанын хабарладық.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу