Трамп Тегераннан халықты тез арада кетуге шақырды

Трамп TruthSocial желісінде осындай түсініксіздеу жазба жариялады. 

Трамп Тегераннан халықты тез арада кетуге шақырды Фото: nbcnews.com

Бұл туралы бірінші BBC хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Оның пікірінше, Иран ядролық қару қолданбауы керек еді. Оны Трамп бірнеше рет ескерткенін де еске салды.

– Иран бұл келісімге қол қоюы керек еді, мен олардан соны талап еттім. Өкінішті, қанша адам орынсыз қаза болды. Қарапайым тілмен айтқанда, Иран ядролық қару қолданбауы тиіс. Мен бұл туралы қайта-қайта айтып келемін! Барлығы Тегераннан шұғыл түрде эвакуациялануы керек! – дейді Трамп.

Шынын айту керек, Трамптың кейбір мәлімдемелері түсініксіздеу жасалып жатады. Сондықтан, бұл жолы нақты нені меңзегенін БАҚ сан-саққа жүгіртіп жатыр.

Қазіргі уақытта Трамппен бірге Канададағы "Үлкен жетілік" саммитінде жүрген президенттің баспасөз байланыстары жөніндегі көмекшісінен BBC тілшісі Энтони Зуркер түсініктеме сұрап көрген. Десе де, ол журналисті Ақ үйдің баспасөз қызметіне қарай бағыттаған.

Тегераннан тұрғындарды шұғыл эвакуациялау туралы жазбадан соң Трамп тоқтамады. Ол тағы осы тақырыпқа бірнеше қысқа жазбасын арнаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу