"Путин әлі де Украинаның көп бөлігін басып алғысы келеді"

3367

Кремль басшысы мақсаттарын өзгертпегенін Америка барлаушыларының жетекшісі мәлім етті. 

"Путин әлі де Украинаның көп бөлігін басып алғысы келеді"

Ресей Президенті Владимир Путин әлі де Украинаның көп бөлігін басып алғысы келеді. Бірақ оның күштері қарулы шайқаста әлсірегені сонша, жақын арада тек аз ғана табыстарға жетуі мүмкін. Мұны сәрсенбі күні АҚШ-тың барлау қызметі хабарлады.

Американың Ұлттық барлау директоры Аврил Хейнс АҚШ барлаушыларының төрт айдан асқан соғысқа берген бағасын баяндай отырып, сол қарулы жанжалдың "ұзаққа созылатыны" жайлы қорытындыға келгенін де айтты. 

"Қысқасы, сұрықсыз көрініс, ал Ресейдің Батысқа деген позициясы қатайып барады", – дейді Хейнс Сауда департаментінің конференциясында.

Украина Президенті Владимир Зелинский осы аптада АҚШ Президенті Джо Байденге және "Үлкен жетіліктің" өзге де басшыларына соғыстың жыл соңына дейін аяқталуын қалайтынын мәлімдеді.

Бірақ Хейнстің болжамынша, Америка Құрама Штаттары мен басқа да мемлекеттердің Зеленский күштеріне беретін миллиардтаған долларлық заманауи қару-жарағы жақын арада Ресейдің бетін қайтаруға мүмкіндік бермейді.

Хейнстің тағы бір дерегінше, Украина әскері ақпан айында Ресейдің Киевті басып алу әрекетіне тойтарыс беріп, Мәскеудің стратегиясын өзгерткенімен, Путин Украинаның көп бөлігін әлі де басып алуды көздеп отыр.

"Оның бұрынғы саяси мақсаттары сол қалпында қалды", – дейді Хейнс.

Дегенмен Хейнстің пікірінше, Ресей әскерінің төрт айдан астам шайқаста құлдырағаны сонша, оның жақын арада Путиннің мақсатына орындауы екіталай.

"Біз Путиннің әскери мақсаттары мен армиясының әлеуеті арасындағы алшақтықты, амбициялары мен қол жеткіземін деген дүниелері арасындағы сәйкессіздікті байқаймыз", – дейді Хейнс Украинадағы жағдай жайлы мамырдан бері көпшілік алдында жасаған алғашқы баяндамасында.

Хейнстің айтуынша, АҚШ барлау агенттіктері бірнеше сценарийді көріп отыр. Оның алғашқысына сәйкес, ресейліктер "тынымсыз шайқасып, қосымша табыстарға қол жеткізеді".

Екінші сценарийге жүгінсек, ресейліктер кейде үлкен жетістікке қол жеткізгенімен, Украина Ресейдің бақылауындағы Херсон қаласының маңында және Украинаның оңтүстігіндегі басқа да аудандарда аздап болса да табысқа мүмкін. 

Бірақ Ресейге өз күштерін қалпына келтіру үшін жылдар қажет болуы ықтимал.
 

"Ресей қарулы күштерінің бір уақытта бірнеше операция жүргізе алатыны күмәнді", – дейді тағы бір сөзінде Хейнс.

Оның айтуынша, қазір Путиннің негізгі мақсаты – Донбаста жеңіске жету және Украина әскерін талқандап, "іштей қарсылықты төмендету".

Хейнс бұл мәлімдемені сәрсенбі күні НАТО басшылары Ресейді "тікелей қауіп" деп атап, Украина армиясын модернизациялауға уәде бергеннен кейін жасап отыр. 

Ресей "фашистік үкіметті" жоямын ақпанның 24-де Украинада "арнайы әскери операция" бастады. Алайда Киев те, АҚШ пен оның одақтастары да Ресей көршісінің жеріне негізсіз басып кірді деп есептейді.

Арыс Әділбекұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу