Ресми мәліметке сәйкес, алғашқы рәсімдер 4-5 шілде күндері Тегеранда өтеді. Кейін жерлеу шаралары Иранның діни орталықтарының бірі саналатын Құм қаласында жалғасады. Ал 9 шілдеде Әли Хаменеи туған қаласы Мешхедте жер қойнына тапсырылады.
Иран билігі Әли Хаменеидің 2026 жылғы 28 ақпанда АҚШ пен Израильдің Иран аумағына жасаған әуе соққылары кезінде қаза тапқанын мәлімдеген болатын. Осыған байланысты наурыз айына жоспарланған жерлеу рәсімдері кейінге шегерілген еді.
Әли Хаменеи Иранды 1989 жылдан бері басқарған және елдің саяси әрі діни жүйесіндегі ең ықпалды тұлғалардың бірі саналды. Оның қазасынан кейін Жоғарғы көшбасшы қызметіне ұлы Моджтаба Хаменеи тағайындалды.