АҚШ-та допингке рұқсат етілген спорттық жарыс басталды

188

Лас-Вегаста "Enhanced Games" жобасы аясында тыйым салынған препараттарды қолдануға рұқсат етілген алғашқы турнир өтіп жатыр.  

АҚШ-та допингке рұқсат етілген спорттық жарыс басталды Фото: universidad Еuropea

АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында "Enhanced Games" деп аталатын жаңа спорттық жоба басталды. Жарыстың ерекшелігі – қатысушыларға спортта тыйым салынған кейбір препараттарды қолдануға ресми түрде рұқсат берілген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

21–24 мамыр аралығында өтетін жарыс арнайы 2500 орындық стадионда ұйымдастырылып отыр. Бағдарламаға жеңіл және ауыр атлетика, жүзу және күшке негізделген спорт түрлері енгізілген. Жүлде қоры шамамен 500 мың долларды құрайды, ал рекордтар үшін 1 миллион долларға дейін бонус қарастырылған.

Ұйымдастырушылар жобаны "спорттағы жаңа дәуір" деп сипаттағанымен, Халықаралық Олимпиада комитеті мұндай бастаманы қауіпті әрі спорттық қағидаттарға қайшы деп бағалады.

Жобаны австралиялық кәсіпкер Арон Д’Соуза бастаған. Алғашқы жарысқа шамамен 50 спортшы қатысады деп күтілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу