АҚШ-та үстем алған Eris вирус жайлы не білеміз?

952

Коронавирустың бұл нұсқасы бүгінде әлемнің 50-ден астам еліне жеткен. 

АҚШ-та үстем алған Eris вирус жайлы не білеміз? Фото: prufy.ru

Коронавирус жұқтыру мен осы инфекциядан ауруханаға түсу оқиғалары Америка Құрама Штаттарында, Еуропада, Азияда қайта көбейіп келеді. Денсаулық сақтау мамандары EG.5 "Eris" деп атаған жаңа штамм 2021 жылы қарашада пайда болған коронавирустың "омикрон" нұсқасының субварианты ретінде қарастырылып отыр.

Коронавирустың "Eris"  нұсқасы дегеніміз не?

Кейбіреулер "Eris"  деп лақап ат қойған EG.5-ті Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) "қызықты нұсқа" деп сипаттап, оны өзгелерге  қарағанда мұқият назарда ұстауға үндеп отыр. Өйткені бұл вариант мутацияланып, жұққыш қабілетке ие болып, адамдарды ауыр жағдайға душар етуі мүмкін.

Дегенмен, ДДСҰ-ның мәлімдеуінше, қазіргі уақытта бұл нұсқа басқа варианттарға қарағанда қоғам денсаулығына көп қауіп төндіріп тұрған жоқ тәрізді және де "EG.5-пен тікелей байланысты ауыр жағдайлардың көбейгеніне ешқандай дәлел табылмаған".

"Eris"  қаншалықты жылдам таралып жатыр?

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегіне жүгінсек, 8 тамыздағы жағдай бойынша, EG.5 әлемнің 50-ден астам елінде анықталған. Ал Америка Құрама Штаттарының Ауруларды бақылау және алдын-алу орталығының мәліметінше, "Eris" - АҚШ-тағы ең кең таралған және аса жылдам өршіп келе жатқан COVID-19-дың субварианты. Және де бұл мемлекетте коронавирусқа шалдыққандардың 17 пайызы осы вариантпен госпитальге түсіпті.

Фото: russiasnews.com

Америкалық дәрігерлердің өзге бір дерегінше, COVID-19-ға байланысты ауруханаға жатқызу оқиғалары маусымдағы жағдаймен салыстырғанда 40% -ға көп болып тұр. Дегенмен, бұл көрсеткіш 2022 жылдың қаңтарында Omicron індеті өршіген кездегі деңгейден 90%-ға төмен екен.

"Eris"-ке қарсы вакцина қашан қолжетімді болады? 

Фото: businessinsider.nl

Pfizer, BioNTech, Moderna және Novavax өз вакциналарының жаңа нұсқаларын жасады. Олар "омикроннның" бір варианты - XBB.1.5 - пен күресуге арналған. EG.5 болса, дәл осы XBB.1.5-ке ұқсайды.

АҚШ-тың Ауруларды бақылау және алдын-алу орталығының директоры доктор Мэнди Коэн жақында берген сұхбатында айтқандай, жаңа вакциналар қыркүйектің үшінші немесе төртінші аптасында АҚШ-та кеңінен қолжетімді бола бастайды.

Дегенмен, Коэн "Эрис" нұсқасына арнайы тоқталмады, бірақ оның сөзінше, "дәл қазіргі жаңа ковид вирустары вакциналар алдында дәрменсіз, яғни, осы індетпен күрес құралдары инфекция өзгерген сайын жаңарып, өздерінің аурумен күрес күшін жетілдіріп келеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу