АҚШ-тан өз еркімен қайтатын қазақстандықтарға 500 мың теңгеден аса ақша берілмек

Бұл туралы Қазақстанның Америкадағы елшілігі хабарлады. 

АҚШ-тан өз еркімен қайтатын қазақстандықтарға 500 мың теңгеден аса ақша берілмек Фото: canva.com

АҚШ билігі иммиграциялық мәртебесі жоқ қазақстандықтарға өз еркімен елге оралуы үшін жағдай жасап отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Осылайша, олар заңсыз жүрген отандастарымызға тегін ұшақ билетін алып беріп, 1000 АҚШ доллары көлемінде бір реттік қаржылай көмек көрсетуге дайын. 

АҚШ Ішкі қауіпсіздік министрлігі шетелдіктерге арналған жаңа ерікті қайту бағдарламасын іске қосқан. Елшілік осындай мүмкіндікті Америкада заңсыз жүрген Қазақстан азаматтарына пайдалануға кеңес беруде. 

– Өз еркімен елге қайту туралы шешім қабылдаған азаматтардың ұшу билеті толық төленеді. Сонымен қатар, елге оралғаннан кейін оларға 1000 АҚШ доллары көлемінде қаржылай көмек беріледі, – деп мәлімдейді елшілік.

Бағдарлама аясында елден кету қамауға алыну қаупін болдырмайды, әрі бұл ең қауіпсіз, ең үнемді жолы екені ашық айтылуда. Елшілік АҚШ-та түрлі себеппен заңсыз жүрген азаматтарға осы бағдарламаны қарастырып көруге кеңес береді. 

– Бұл бастама қазіргі жағдайды заңды жолмен реттеуге және болашақта АҚШ-қа кіру құқығын сақтау үшін маңызды қадам болуы мүмкін, – делінген елшілік таратқан ресми ақпаратта.

Бағдарламаға қатысу үшін ел тұрғындары CBP One мобильді қосымшасы арқылы өтініш берсе жеткілікті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу