АҚШ Таяу Шығысқа Ирак соғысынан бергі ең ірі әуе күштерін орналастырды

165

Бұл туралы шетелдік БАҚ жазды. 

АҚШ Таяу Шығысқа Ирак соғысынан бергі ең ірі әуе күштерін орналастырды Фото: oxu.az

АҚШ 2003 жылы Иракқа басып кіргеннен бергі кезеңдегі ең ірі авиациялық күштерді Таяу Шығысқа шоғырландырып жатыр. Бұл туралы The Wall Street Journal жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты "Риа Новости" агенттігіне сілтеме жасап.

Шетелдік БАҚ-тың жазуынша, соңғы бірнеше күнде АҚШ Таяу Шығысқа қарай F-35 және F-22 жойғыш ұшақтарын тасымалдаған. Сондай-ақ өңірге басқару және үйлестіру ұшақтары жіберіліп жатыр. Бұдан бөлек, соққы беретін ұшақтар мен радиоэлектрондық күреске арналған ұшақтар орналасқан тағы бір әуе тасымалдағыш кемесі аймаққа бағытталған. Сондай-ақ, соңғы апталарда әуе шабуылына қарсы қорғаныс құралдары да орналастырылған.

АҚШ шенеуніктерінің сөзінше, бұл Иранға қарсы бірнеше аптаға созылуы мүмкін ұзақ мерзімді әуе операциясын жүргізуге мүмкіндік бермек.

The Wall Street Journal хабарлауынша, АҚШ президенті Дональд Трампқа ықтимал іс-шаралардың бірнеше нұсқасы көрсетілген. Олардың қатарында Иранның саяси және әскери басшылығын жоюдан бастап, елдің ядролық және зымыран бағдарламаларына қатысты жекелеген нысандарға шабуыл жасау да кіреді. Әзірге Трамп соққы жасау туралы соңғы шешім қабылдамаған.

Иран мен АҚШ арасындағы ядролық бағдарламаға қатысты келіссөздер таяуда Женевада өтті. Тегеран делегациясын сыртқы істер министрі Аббас Аракчи, ал америкалық тарапты АҚШ президентінің арнайы өкілі Стив Уиткофф бастап барған. Аракчи келіссөздер мазмұнды өтті деп бағалады. Оның сөзінше, екі ел болашақ келісімге негіз болатын қағидаттарды айқындай алды. Тараптар арасында келіссөздердің үшінші кезеңі өтуі мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу