АҚШ телеарнасы әлем чемпионатында Өзбекстанды Қазақстанмен шатастырып алды

474

Матч тікелей эфирде көрсетілген.   

АҚШ телеарнасы әлем чемпионатында Өзбекстанды Қазақстанмен шатастырып алды Фото: news.sportbox.ru

2026 жылғы әлем чемпионатында АҚШ-тың FOX Sports телеарнасы Өзбекстан мен Колумбия құрамалары арасында өткен матч барысында қателікке жол берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Sports.kz басылымына сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, ағылшын журналисі әрі комментатор Джеки Оутли эфир кезінде Өзбекстан құрамасын Қазақстан деп атаған. Ол матчты Англияның бұрынғы футболшысы Джои Бартонмен бірге жүргізген. Трансляция Мехикодағы әйгілі "Ацтека" стадионынан тікелей эфирде көрсетілді. Бұл – Өзбекстан құрамасының әлем чемпионаттарындағы тұңғыш ойыны. 

 Айта кету керек, Өзбекстан футболшылары Колумбиядан жеңіліп қалғанын жазғанбыз. Өзбекстан сапында әлем чемпионатындағы алғашқы голды Аббосбек Файзуллаев соғып, мергендік танытты. Енді көрші ел құрамасы 23 маусым күні Португалиямен кездеседі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу