АҚШ Трамптың тарифтік саясаты нәтижесінде бір байып қалды

632

Бұл туралы Financial Times жазды. 

АҚШ Трамптың тарифтік саясаты нәтижесінде бір байып қалды Фото: msn.com

АҚШ президенті Дональд Трамптың шетелдік тауарларға қосымша баж салығын енгізуі нәтижесінде ел бюджеті 47 млрд долларға артты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұл туралы Financial Times басылымы АҚШ Қаржы министрлігінің мәліметіне сүйене отырып жазды.

2025 жылдың екінші тоқсанында кедендік түсімдер 64 млрд долларға жетіп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 47 млрд долларға артқан. Сарапшылар мұны АҚШ-тың жаһандық экономикадағы басымдығымен байланыстырады.

"1930 жылдарға қарағанда қазір елдер арасындағы сауда қатынастары теңгерімді сипатқа ие емес. Бүгінде әлемдік экономика орталықтандырылған үлгіде жұмыс істейді, ал АҚШ сол жүйенің орталығы іспеттес. Сондықтан АҚШ енгізген баж салығына қарымта жауап беру экономикалық тұрғыдан көп елдер үшін тиімсіз. Бұл саяси жағынан ғана маңызы бар болуы мүмкін", – деді Нью-Йорк қалалық университетінің халықаралық экономика профессоры Марта Бенгоа.

Financial Times жазуынша, әлем елдері Трамптың сауда саясатына нақты жауап қайтара алмаған. Өз кезегінде бұл Ақ үй әкімшілігіне келіссөздер жүргізу кезінде белгілі бір артықшылық беріп отыр.

Экономикасы жағынан ірі елдердің ішінде Қытай мен Канада ғана АҚШ-қа қарымта тарифтер енгізді. Еуроодақ, Жапония және басқа елдер бұл позициядан бас тартты. Capital Economics дерегінше, өзара сауда соғысы мен 24%-ға дейінгі тарифтер әлемдік ЖІӨ-ні екі жыл ішінде 1,3%-ға дейін төмендетуі ықтимал. Сарапшылардың айтуынша, осыған байланысты ірі экономикалар АҚШ-қа жауап қайтаруға асығар емес.

Ұлыбритания, Вьетнам, Қытай және Индонезия АҚШ-пен сауда келісімдеріне келді.

Айта кету керек, бұған дейін тағы бір ел Трамптың айтқанына көнгенін жазған едік. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу