АҚШ-тың бағалы қағаздар және биржалар жөніндегі комиссиясы Nvidia компаниясын тексеруге кірісті

159

Тергеудің басталуы компанияның заң бұзғанын білдірмейді.

АҚШ-тың бағалы қағаздар және биржалар жөніндегі комиссиясы Nvidia компаниясын тексеруге кірісті Фото: BILD

АҚШ-тың Бағалы қағаздар және биржалар жөніндегі комиссиясы (SEC) чип өндіруші Nvidia компаниясының қаржылық операцияларды есептілікте көрсету тәртібіне қатысты ықтимал заңбұзушылықтарды тексеріп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты BILD басылымына сілтеме жасап.

Әзірге тексерудің нақты қашан басталғаны және реттеушінің қандай операцияларға назар аударғаны белгісіз. Алайда тергеудің басталуы компанияның заң бұзғанын білдірмейді. Мұндай тексерулер кей жағдайда ешқандай айып тағылмастан аяқталуы мүмкін.

Бұл жаңалық Nvidia акцияларының құнына кері әсер етті. 20 қараша, жұма күні, сауда барысында компания акциялары 12 пайызға арзандап, бір акцияның бағасы 128,75 долларға дейін төмендеді.

Reuters агенттігінің мәліметінше, инвесторларды компанияның өзге де мәселелері алаңдатып отыр. Атап айтқанда, АҚШ-тың экспорттық шектеулерін айналып өтіп, америкалық жасанды интеллект чиптерін Қытайға жеткізуі мүмкін деген күдікке байланысты тергеулер де нарық қатысушыларының назарында.

SEC жүргізіп жатқан тексеру Nvidia төңірегіндегі даулы жағдайларға тағы бір мәселені қосты. Бұған дейін The Wall Street Journal басылымы да реттеушінің компанияға қатысты тергеу бастағанын хабарлаған. Алайда ол кезде тексерудің нақты нені қамтитыны белгісіз болған.

Сонымен қатар АҚШ билігі чиптерді Сингапурдағы Megaspeed компаниясы арқылы Қытайға жеткізуге қатысты болжамды заң бұзушылықтардың мән-жайын зерттеп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу