Соңғы ақпарат бойынша бүгінге дейін Иранға қарсы әскери операцияларға жұмсалған шығын 12 миллиард долларға жеткен, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Осыған дейін 7 наурыз күні БҰҰ Бас хатшысының гуманитарлық мәселелер және төтенше жағдайлар жөніндегі үйлестірушісі Том Флетчер аймақтағы дағдарыстың ықтимал күшеюі және қақтығысты қоздырушылар АҚШ пен Израильдің жағдайды бақылауды жоғалтып алу қаупі барын ескерткен. Ол "әскери операцияны қаржыландыруға күн сайын шамамен 1 миллиард доллар жұмсалып жатыр" деп деректер келтірген еді.
Пентагонның сөзінше, операцияның алғашқы екі күнінде АҚШ-тың Иранға жасаған әскери соққылары америкалық салық төлеушілерді 5,6 миллиард доллар шығынға батырған. АҚШ Конгресі баяу шығарылатын және қоры шектеулі әуе шабуылына қарсы зымырандар мен дәл басқарылатын оқ-дәрілер сияқты стратегиялық маңызды оқ-дәрілердің тез таусылуына алаңдаушылық білдірді. Кейбір заң шығарушылар мұндай шығындар басқа ықтимал қақтығыстар үшін қажетті қарудың тапшылығына әкелуі мүмкін екенін қатаң ескертеді.