АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Наурыз мерекесімен құттықтады

1712

АҚШ Мемлекеттік департаменті Азия мен Таяу Шығыстың барша халықтарын Наурыз мерекесі – көктемнің келуімен және Жаңа жыл мерекесімен ресми түрде құттықтады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Наурыз мерекесімен құттықтады Фото: katehon.com

– Мемлекеттік департамент атынан осы көне дәстүрді және көктемнің келуін тойлайтындардың барлығын Наурыз мерекесімен құттықтаймын. Ғасырлар бойы дүние жүзіндегі қауымдастықтар, соның ішінде Иран мен Таяу Шығыста, Орталық және Оңтүстік Азияда, Еуропада және одан тыс жерлерде табиғаттың жаңаруы мен жаңа жылдың келуін тойлап келді.

Наурыз мағыналы қарым-қатынастарды жаңартуға, нығметтерді бағалауға және болашақтан мүмкіндіктерді күтуге мүмкіндік береді. Өткен жыл туралы ой елегінен өткізе отырып, біз бұл жаңа жыл әлемге бейбітшілік, сондай-ақ денсаулық, гүлдену және қуаныш әкеледі деп үміттенеміз, деді Энтони Блинкен мәлімдемесінде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу