АҚШ-тың теңіз блокадасы Иранның мұнай экспортын тығырыққа тіреді

303

Сарапшылар Иранның экспорттық әлеуетін бағалады. 

АҚШ-тың теңіз блокадасы Иранның мұнай экспортын тығырыққа тіреді Фото: ЖИ

АҚШ-тың теңіз блокадас Иранның мұнай экспорты тығырыққа тіреді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты BILD-ке сілтеме жасап.

Тегеран үшін жағдай күн санап қиындап барады. АҚШ Иран порттарын қоршауға алуды жалғастырып келеді әрі бұл өз нәтижесін берді. Иран режимі шетелдік валютаның негізгі көзі саналатын мұнайды экспорттау мүмкіндігінен айырылуға жақын қалды. Бұл ел экономикасына айтарлықтай соққы болып тиіп, жазда инфляция деңгейі 88%-ға жуықтаған. Kpler кеме қатынасы саласындағы сараптамалық компанияның бағалауынша, қазан айының соңына қарай Ираннан мұнай экспорты толығымен дерлік тоқтауы мүмкін.

АҚШ Қаржы министрі Скотт Бессенттің сөзінше, Иран Қытайға мұнайдың соңғы партиясын "алдағы екі аптада" жеткізеді, кейін бұл елде "ештеңе де қалмайды".

"Иранның экспорты қазірдің өзінде нөлге жақындап қалды. АҚШ-тың теңіз блокадасы тиімділігін көрсетті", – деді мұнай нарығының америкалық сарапшысы, Atlantic Council ғылыми қызметкері Бен Кэхилл.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу