АҚШ ынтымақтасуға дайын елдің аты аталды

Тиісінше, Тегеран да Вашингтонмен қарым-қатынасты жақсартуға тырысып отыр. 

АҚШ ынтымақтасуға дайын елдің аты аталды Фото: Риа Новости

Бұл туралы АҚШ президенті айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Дональд Трамптың сөзінше, Иранмен ынтымақтасуға болады. Себебі, олар да келісімге келуге мүдделі. 

– Таяу Шығыста қаншама адамның өліміне әкелген режим болғанына қарамастан, біз Иранмен де достық қарым-қатынас орнатуға дайынбыз. Мен олар бізбен келісімге келгісі келетінін айтқым келеді, – деп мысал етті АҚШ президентінің сөзін Арменпресс. 

Трамп өз кезегінде АҚШ-пен ынтымақтасу Иран үшін тиімді екеніне баса назар аударды. Әрі мұның жүзеге асатынына да сенім білдіріп отыр. 

Осы орайда, АҚШ президенті Иранға терроризмнен бас тартып, көршілес елдерге қауіп тудыруды қою керек екенін де ескерте кеткен. 

Бірақ, Трамп АҚШ пен Израильдің Иранға жау емес екенін, тек тату-тәтті өмір сүргісі келетінін жеткізген. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу