"Ақсу" "Тараздан" айласын асырды

1794

"Ақсу" соңғы минуттарда жеңісті жұлып әкетті.

"Ақсу" "Тараздан" айласын асырды

"Тараз" Қазақстан Премьер-лигасының он тоғызыншы турында "Ақсумен" күш сынасты. Кездесу Тараздағы Орталық стадионда өтіп, 3:4 есебімен қонақтардың пайдасына аяқталды.

Ойынның алғашқы жартысында павлодарлық клуб Мирас Тұрлыбек пен Еркебұлан Тұңғышбаевтың арқасында алға шыққан еді. Бірақ алаң иелері сапында Марат Шахметов пен Жақып Қожамберді жауапты голды соқты. 68-минутта Тони Сильва мергендік танытып еді, 82-минутта Абылайхан Жұмабек таразы басын қайта теңестірді. Бірақ 97-минутта Дамир Марат жеңісті голды соғып кетті.

"Каспий" Қазақстан Премьер-лигасының он тоғызыншы турында "Астанамен" кездесті. Ақтаудағы "Жас Қанат" стадионында өткен ойын 0:3 есебімен аяқталды. Матчтың 29-минутында Абат Айымбетов елордалық команданы алға шығарды. 65-минутта Талғат Көсепов есепті еселеді. Ал 95-минутта Педро Эуженио кездесудің нүктесін қойды.

"Тобыл" Қазақстан Премьер-лигасының он тоғызыншы турында "Атырауды" қабылдады. Қостанайдағы Орталық стадионда өткен кездесу 0:2 есебімен "мұнайшылардың" пайдасына шешілді. Ойынның 39-минутында есеп ашқан Демир Имери 75-минутта дубль жасап, командасына жеңіс сыйлады.

"Мақтаарал" Қазақстан Премьер-лигасының он тоғызыншы турында "Ақтөбемен" кездесті. "Түркістан Аренада" өткен матч 1:1 есебімен аяқталды. Ойынның 24-минутында Руслан Камболов алаң ортасынан гол соқты. 50-минутта "Мақтаарал" қақпасына белгіленген пенальтиді Әлібек Қасым жүзеге асыра алмады. Ал сегіз минуттан кейін Билал Себаихи он бір метрлік айып добын сәтті орындап, таразы басын теңестірді.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу