Ақтау портында контейнерлік хаб пайдалануға берілді

251

Жаңа кешеннің жұмысы терминалға келген алғашқы контейнерлік пойызды өңдеуден басталды.  

Ақтау портында контейнерлік хаб пайдалануға берілді Фото: Видеодан скриншот

Каспий теңізі айдынындағы ең ірі мамандандырылған контейнерлік терминал өнеркәсіптік пайдалануға берілді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Контейнерлік хабтың іске қосылуы Қазақстанның көлік-логистикалық инфрақұрылымын дамытудағы және Мемлекет басшысының Транскаспий халықаралық көлік бағытының (Орта дәліз) әлеуетін нығайту жөніндегі тапсырмасын іске асырудағы маңызды кезең болды. Жоба контейнерлік жүктерді өңдеу тиімділігін едәуір арттыруға, порттың өткізу қабілетін ұлғайтуға және Қазақстанның Шығыс пен Батысты байланыстыратын негізгі транзиттік буын ретіндегі позициясын нығайтуға мүмкіндік береді.

Контейнерлік хабтың құрылысы 2024 жылғы қарашада "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ, "Ақтау халықаралық теңіз сауда порты" ҰК" АҚ және Lianyungang Port Group компаниясының бірлескен жобасы аясында басталған еді.

Жобаның бірінші кезеңі шеңберінде жоғары өнімді қайта тиеу техникасымен жабдықталған заманауи контейнерлік алаң салынды. Оның құрамына екі контейнерлік қайта тиегіш, заманауи терминалдық жабдық және жүк ағындарын басқарудың тиімді жүйесі кіреді.

Жобаның бірінші кезеңін іске асыру нәтижесінде порттың контейнерлерді ауыстырып тиеу қуаты жылына 140 мың ЖФЭ (TEU) дейін ұлғайып, контейнерлік пойыздарды өңдеу уақыты едәуір қысқарды.

Нысан пайдалануға берілгеннен кейінгі алғашқы өндірістік оқиға терминалға келген контейнерлік пойызды өңдеу болды. Алғашқы жүк операцияларының орындалуы жаңа кешеннің штаттық режимде жұмыс істеуге толық дайын екенін және оның халықаралық логистикалық тізбектерге толыққанды ықпалдаса бастағанын растады.

Жаңа контейнерлік хаб Қытайдағы Ляньюньган портын, "Қорғас – Шығыс қақпасы" құрғақ портын, Ақтау портын және Каспий теңізі арқылы Кавказ, Түркия мен Еуропа бағытындағы маршруттарды біріктіретін бірыңғай көлік-логистикалық жүйенің маңызды құрамдас бөлігіне айналады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу