Ақтаулық Эдгар Мамедов еліміздің ең жас халықаралық гроссмейстері атанып, Қазақстанның жаңа рекордын жаңартты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Қажетті 2500 ұпайға оған небәрі 8 ұпай жетпей қалған. Сондықтан ол "Sharjah Masters International Chess Championship 2025 – A" супер турнирінде алғашқы екі турды сенімді түрде өткізіп, жетпейтін баллдарын жинап, ресми түрде гроссмейстер атағын иеленді.
"Эдгар Мамедов – 14 жасында GM (халықаралық гроссмейстер) атағын алған Қазақстанның алғашқы шахматшысы. Маңғыстау облысының тарихындағы алғашқы гроссмейстер", – дейді "Дебют" шахмат мектебінің директоры Анвар Шайхымов.
                    БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
            Ең соңғы жаңалықтар осында
            
    Жазылу
                     
                                         
                                         
                                         
                                         
                                         
                                        