banner

Ақтаулық үлескерлер әкімдікке жиналды

1493

Олар ақша салған тұрғын үй кешенінің құрылысы бітер емес. 

Ақтаулық үлескерлер әкімдікке жиналды

Ақтауда "Атамекен" тұрғын үй кешенінің үлесукерлері шу шығарды. Олар ипотекалық несилерін толықтай төлеп тастаған, ал үй құрылысының бітетін түрі көрінбейді, - деп жазды inbusiness.kz тілшісі.

Белгілі болғандай, жүзге жуық адам қаладағы 17 ықшамауданда салынып жатқан үйге осыдан жеті жыл бұрын қаржыларын салған, ал төрт жыл бұрын "қоныс тойларын" тойлауы керек болған. Алайда, бастапқы мердігер компания "Батыс Энерго" ЖШС-ның үстінен кейін алаяқтық жасағаны үшін іс қозғалады. Үлескерлердің 200 млн теңгесін алып кеткен компания басшысы қазір жазасын өтеп жатқан көрінеді.  Одан кейін даулы нысан "Багис" ЖШС-ға өтеді. Осымен төртінші жыл үйді тапсыруға уәде етіп келе жатқан бұл мердігер енді үлескерлерге 2 млн теңгеге паркингті сатып алуды ұсынады. Айтуынша, соның ақшасына үйді бітіріп, тапсырмақ. Күтуден шаршаған ашулы тұрғындар жергілікті әкімдіктің алдына жиналып, мәселені шешіп беруді талап етеді. Соңғы рет оларға "19 мамыр күні көшіп келуге болатындарын" айтқан екен.

"Алдында үйдің астына паркинг салған кезде "оны аласыз ба, алмайсыз ба – өз еріктеріңіз" деген, енді бізді оны сатып алуға мәжбүрлемек. Біз қолда барымыздың бәрін осы үйге салдық, енді паркинг үшін төлейтін қаржымыз" жоқ", – дейді үлескер Марал Аманғалиева.

Үлескер компания өкілдері бұл құрылысты бекер мойнына алғандарын жасырмады.

"Біз ешкімді алдайтын ойымыз жоқ. Осы құрылыс имиджімізді әдбен құртып бітті. Үйді бітіруге қаражат табу үшін тұрғындарға паркингті сатып алды ұсынғанымыз рас. Паркинг олардың меншігіне көшетінін айттық", – дейді "Багис" ЖШС директоры Бақыт Ізжанова.

Бұдан бөлек, компания тұрғындарға "Атамекен" кешеніндегі пәтерлерін сатып, оның құнына басқа жерден баспана сатып алуды ұсынған екен. Үлескерлер ондай ұсынысқа қызығушылық таныта қоймаған. Тұрғын үйдің әлі бітпегенін және кезінде салынған қаражат сомасының біршама құнсызданғанын ескерсек, оны да түсінуге болады.

Қазіргі күні үй құрылысын аяқтауға 100 млн теңге қажет екен. Мердігер компания әзірге инвестор іздеп жатыр. Ал тұрғындар бір ай уақыттан кейін тағы да жиналмақ ниетте.

Құралай Қуатова


Atameken Business Telegram каналына жазылып, маңызды ақпараттардан бірінші болып құлағдар болыңыз ! 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу