"Ақтөбе" чемпионат аутсайдерінен жеңіліп қалды

1581

21-тур аясында бүгін 4 кездесу өтті. 

"Ақтөбе"  чемпионат аутсайдерінен жеңіліп қалды

Футболдан Қазақстан премьер-лигасының 21-турының Оралда өткен ойыны күтпеген нәтижемен аяқталды. Чемпионат аутсайдері саналатын жергілікті "Ақжайық" турнирлік кестеде көш бастап тұрған "Ақтөбені" 3:1 есебімен ұтты. Алаң иелері қонақтарға қатарынан үш гол соқты. 29-минутта "Ақжайықты" Петрос Аветисян алға шығарды. Ал үзілістен кейін ақтөбеліктер екі минуттың ішінде екі гол жіберіп алды. Алдымен 68-де Лука Имнадзе есепті еслей түссе, 70-минутта Аветисян дубль жасады. Жерар Гоу 90-минутта гол соғып, есеп айырмасын қысқартты.  

"Тұран" ел премьер-лигасының 21-туры аясындағы ойында "Астанамен" тең ойнады. Түркістанда өткен кездесу 2:2 есебімен аяқталды. Оның үстіне, қонақтар ойынның негізгі уақытында жеңіліске тапты. "Астана" есеп бойынша алға шығуы мүмкін еді, бірақ 42-минутта Педро Эудженио пенальтиді соға алған жоқ. Үзілістен кейін "Тұран" сапынан Бақдәулет Зүлфиқаров елордалықтардың қақпасына бірден соғылды. Ал 60-минутта Артем Гуренко есепті 2:0-ге жеткізді. "Астана" 83-минутта Абат Айымбетовтың соққан голының арқасында есеп айырмасын қысқарта алды. Ал екінші таймға қосылған бесінші минутта Марин Томасов пенальтиді тамаша орындап, өз командасын жеңілістен құтқарып қалды.

Сонымен қатар "Тобыл" өз алаңында "Шахтерді" қабылдап, 3:1 есебімен жеңіске жетті. 17-минутта Серікжан Мужиков алаң иелерін алға шығарды. Бірақ Стефан Букорац үзіліске дейін таразы басын теңестірді. 54-минутта Айдос Таттыбаев алаңнан қуылғаннан кейін қонақтар ойынды азшылықта аяқтады. Алаң иелері сандық артықшылықты пайдаланып, есепті жеңіске жеткізді. 74-минутта Душан Йованчич 11 метрлік соққыны дәл орындап, командасын алға шығарды. Ал 82-ші минутта Серж Дебле кездесудің нүктесін қойды.

"Қызыл-Жар" мен "Қайрат" арасындағы кездесу 1:2 есебімен аяқталды. 19-минутта Жоао Пауло алматылықтарды алға шығарғанымен, бірінші таймға қосылған уақытта Эльгуджа Лобжанидзе алаң иелерін жеңілістен алып шықты. Негізгі уақыт біткенше таблодағы көрсеткіш 1:1 болғанымен, ойынға қосылған төртінші минутта Вячеслав Швырев соққан голдың арқасында қонақтар жеңісті жұлып әкетті.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу