Ақтөбе халқының жартысынан көбі сайлауда таңдауын жасады

Фархат Әміренов Фархат Әміренов
1429

12:00-дегі мәлімет бойынша ақтөбелік сайлаушылардың 50,3 пайызы сайлау бюллетеньдерін алған.

Ақтөбе халқының жартысынан көбі сайлауда таңдауын жасады

"Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың сайлау комиссиялары ұсынған мәліметтерге сәйкес, 12:00-дегі жағдай бойынша тізімге алынған сайлаушылардың 35,1 пайызы сайлау бюллетеньдерін алды", – делінген Орталық сайлау комиссиясының хабарламасында.

Мәліметке сүйенсек, Ақтөбе облысы сайлаушыларының 50,3 пайызы таңдау жасап үлгерген. Сондай-ақ Алматы (47,3 пайыз) және Ақмола (45,9 пайыз) облыстарының белсенділігі жоғары.

Ал республикалық маңыздағы үш қала сайлаушылардың белсенділігі төмен өңірлердің "көшін" бастап тұр. Әзірше алматылық сайлаушылардың 19 пайызы, нұр-сұлтандықтардың 24,6 пайызы және шымкенттіктердің 24,6 пайызы дауыс берген.

Еске сала кетейік, дауыс беру 20:00-ге дейін жалғасады.

Фархат Әміренов

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу