"Ақтөбе" "Қайратты" тізе бүктірді

626

"Ақтөбе" "Қайратты" жеңгеннен кейін "Астанаға" бір қадам жақындады.

"Ақтөбе" "Қайратты" тізе бүктірді Фото: kazfootball.kz

"Ақтөбе" ҚПЛ-2023 18-туры аясындағы ойында өз алаңында алматылық "Қайратты" ұтты. "Ақтөбеде" өткен кездесу 4:2 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды. 20-минутта Шин "Ақтөбені" алға шығарды. Алайда 29-минутта Дмитрий Сергеев тепе-теңдікті қалпына келтірді. 34-минутта ақтөбеліктердің екінші голын Элдер Сантана соқты. Матчтың негізгі уақытында Артур Шушеначев есепті теңестірсе (2:2), 52-минутта Әлібек Қасым айып добын керемет орындады – 3:2. Ал кездесудің нүктесін 57-минутта "Ақтөбенің" капитаны Дмитрий Шомко қойды.

Кездесуден кейін "Қайрат" бас бапкері "Ақтөбемен" өткен ойындағы жеңіліске қатысты пікір білдірді (2:4):

– "Қайрат" пен "Ақтөбе" ойыны – Қазақстан футболындағы ең үздік текетірес. Алматыда да, осында да тамаша атмосфера болды. Мұндай матчтарда жеңіске жету үшін қорғаныста өрескел қате жібермеу керек, сонымен қатар өз мүмкіндігімізді пайдалануымыз қажет.

– Стадиондағы көгалдың сапасы қалай?

– Алаңның жағдайы былтырғымен салыстырғанда әлдеқайда жақсы. Алаңдағы жағдай бәріне бірдей.

– Офри Арад пен Виктор Васин орталық қорғаушылар қаншалықты жетіспеді?

– Бұл туралы айтпай-ақ қояйын. Ойнауға дайын жігіттер шықты. Байқасаңыз, бұрынғы ойындармен салыстырғанда өте жас құрам ойнады.

– Ақтөбеге "Қайрат" жанкүйерлері келді. Олардың қолдауы командаға қалай әсер етті?

– Әрине, өте қуаныштымыз. Өкінішке қарай, оларды қуанта алмадық. Олар ұзақ жол жүріп келді. Біз олардың қолдауын естіп, сезіндік. Жанкүйерлердің бізді Алматыда ғана емес, қонақта, әсіресе Ақтөбеде де қолдағаны өте қуанышты.

Осылайша "қызыл-ақтар" 38 ұпай жинап, үшінші орында келе жатқан "Астанадан" есеп айырмасын қысқартты. Еншісінде 29 ұпайы бар "Қайрат" турнирлік кестеде төртінші қатарға тұрақтады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу