Ақтөбе облысындағы шахтада жұмысшы қаза тапты

452

Сақтандырғыш бекітпе орнату кезінде тау жыныстары опырылып түскен.

Ақтөбе облысындағы шахтада жұмысшы қаза тапты Фото: freepik

20 қазанда сағат 23:20-да ERG құрамындағы "Қазхром" компаниясының Дөң тау-кен байыту комбинатына қарасты "Болашақ" шахтасында 23 жастағы ұңғылаушы қаза тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Сақтандырғыш бекітпе орнату кезінде тау жыныстары опырылып түскен. Жұмысшы алған жарақаттарынан көз жұмды.

ERG қаза тапқан қызметкердің туған-туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтады. Компания марқұмның отбасымен байланыста болып, көмек пен қолдау көрсетіп жатыр.

"Бұл – марқұмның отбасы үшін де, онымен бірге еңбек еткен әріптестері үшін де ауыр қайғы. Қазір біздің міндетіміз – жақындарына қолдау көрсету және болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға жәрдемдесу", – деді Дөң ТКБК директоры Бауыржан Утемисов.

Оқиға болған учаскедегі жұмыс тоқтатылды. Комбинаттың осындай жұмыстар жүргізілетін барлық учаскесінде жоспардан тыс тексеру ұйымдастырылды.

Оқиға туралы тиісті органдарға хабар берілді. Арнайы тергеп-тексеру жүргізу үшін Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті өкілдерінің қатысуымен комиссия құрылады. Компания комиссияның жұмысына жан-жақты жәрдем көрсетеді.

Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр. Компания тергеп-тексеру нәтижелері мен оның қорытындысы бойынша қабылданған шаралар туралы қосымша хабарлайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу