"Ақтөбе" сенсация жасап, жорығын жеңіспен бастады

311

Ақтөбеліктер фаворит саналған “Спартаны” қапы қалдырды. 

"Ақтөбе" сенсация жасап, жорығын жеңіспен бастады Фото: Ақтөбе ФК

Футболдан УЕФА Конференциялар лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі алғашқы матчта “Ақтөбе” өз алаңында Праганың атақты “Спарта” клубын жеңіп, сенсация жасады. 

Қобыланды батыр атындағы стадионда өткен тартысты кездесу алаң иелерінің пайдасына 2:1 есебімен аяқталды. 29-минутта есепті Дэниэл Соса ашса, 83-минутта Оралхан Өміртаев жанкүйерлердің қуанышын еселеп, команданың басымдығын арттырды.

Қонақтар тек матч соңында, 90-минутта пенальтиден соғылған Велько Бирманчевичтің голымен жауап қайырды.

“Ақтөбе” бұл ойында кездейсоқ жеңіске жеткен жоқ. Олар допты жиі бақылап, қарсылас қақпасына бірнеше қауіпті шабуыл ұйымдастыра білді. Ойын барысында алаң иелері Чехия чемпионына өз стилін көрсетіп, ойынды қолға алды.

Көптеген сарапшылар бұл жұптың фавориті ретінде тәжірибелі “Спартаны” атағанымен, ақтөбеліктер шын мәнінде жігер мен мінез көрсетті. Команданың ұйымшылдығы мен қайсарлығы жеңістің басты кепіліне айналды.

Енді қарымта кездесу 31 шілде күні Прагада өтеді. Сол ойында бұл тартысты дуэльдің тағдыры шешілмек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу