"Ақтөбе" ұпай жоғалтты

514

Бүгін 17-тур аясында екі кездесу өтті.

"Ақтөбе" ұпай жоғалтты

Ақтауда Премьер-Лига командалары арасында футболдан Қазақстан чемпионатының 17-турының ойыны өтті. Жергілікті "Каспий" осыдан екі күн бұрын Конференциялар лигасында ірі жеңіске жеткен "Ақтөбені" қабылдады. Кездесу 2:2 есебімен тең аяқталды. 14 минутта Ыдырыс Умаев қонақтарды алға шығарды. Бірақ "Ақтөбе" ойыншылары басымдықты сақтап қала алмады. 18-минутта Шкиприм Таипи есепті теңестірді. Бірінші таймның соңында Филип Аврич "Каспийді" алға шығарды. Ал 50-минутта Роджерио дос Сантос есепті теңестірді.

Айта кетейік, "Ақтөбе" матч соңында 10 ойыншымен қалды. 96-минутта Максим Самородов алаңнан қуылды. ҚПЛ-ның 17 матчында "Ақтөбе" 35 ұпай жинап, турнирлік кестеде үшінші орында қалды. Андрей Карповичтің шәкірттері екінші орында келе жатқан "Астанадан" төрт ұпай, ал көш басында келе жатқан "Ордабасыдан" жеті ұпай қалып тұр. Ал "Каспий" турнирлік кестедегі соңғы орыннан бір саты жоғары көтерілді.

Премьер-лига (ҚПЛ) командалары арасындағы футболдан Қазақстан чемпионатының 17-туры аясында өткен тағы бір кездесуде "Жетісу" "Атырауды" жеңді. Матч 1:0 есебімен талдықорғандықтардың жеңісімен аяқталды. Жеңіс голын 74-минутта жартылай қорғаушы Нұрберген Нұрбол соқты. Негізгі матчқа қосылған қосымша уақытта алаң иелерінің қақпасына екінші голды серб шабуылшысы Анес Рушевич соқты. Бірақ VAR-ды қайталап көргеннен кейін доптың қолға тиюіне байланысты гол есептелмеді. 17 матчта 23 ұпай жинаған "Жетісу" ҚПЛ-да сегізінші орынға көтерілді. Жетінші қатарда қалған "Атырау" да осындай нәтиже көрсетті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу