Ақын Арон Атабек мерзімінен бұрын бостандыққа шықты

1562

Бұл туралы inbusiness.kz тілшісі Павлодар қалалық №2 сотына сілтеме беріп хабарлайды.

Ақын Арон Атабек мерзімінен бұрын бостандыққа шықты

Ақпаратқа сүйенсек, Арон Атабек "емделмейтін ауруға" щалдыққан.

"М50.0. Омыртқаның мойын бөлігі омыртқааралық дискісінің миелопатиясымен зақымдалуы (G99.2).  М50.1. Жұлынның мойын бөлімі деңгейіндегі дегенеративті - демиелинизирлеуші ауруы", - деп жазылған хабарламада.

Заң талаптарына сәйкес, (ҚК-тің 75 бабының 2 бөлігі), жазаны өтеуге кедергi жасайтын ауыр науқастан зардап шегуші адамды сот жазаны өтеуден босатады немесе науқасының сипаты, жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтың ауырлығы, сотталған адамның жеке басы және басқа да мән-жайлар ескеріле отырып, жаза неғұрлым жеңiл жаза түрiмен ауыстырылуы мүмкiн.

"Заңда баяндалған мән-жайлар мен процеске қатысушылардың пікірін ескеріп, сотталған тұлғаға бостандығын шектеу жазасы 1 жыл мерзіміне пробациялық бақылауға ауыстырылды", - деп жазылған баспасөз баяндамасында. 

Арон Атабек 2006 жылы "Шаңырақ" оқиғасынан кейін сотталған болатын. Белгіленген 18 жыл мерзімнің 15 жылын өтеп шықты.

Тасқын Болатұлы


Atameken Business Telegram каналына жазылып, маңызды ақпараттардан бірінші болып құлағдар болыңыз ! 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу