Өзбекстанның Ташкент қаласында ауыр атлетикадан жас жеткіншектер мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Қазақстандық ауыр атлет Ақжол Құрманбек 85 келіге дейінгі салмақта алтын медаль жеңіп алды. Ол қоссайыс қорытындысы бойынша 358 келі (160+198) көтерді.
Осы салмақта тағы бір қазақстандық Ерасыл Сәулебеков 351 келіні (154+197) еңсеріп, қола жүлдеге ие болды.
Күміс медаль Өзбекстан өкілі Хикматилло Хайдаровқа бұйырды. Ол 357 келі (161+196) көтерді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу