Алан Құрманғалиев жастар арасындағы әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды

134

Отандасымыз Иран спортшысымен бірге өнер көрсетті.

Алан Құрманғалиев жастар арасындағы әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды Фото: olympic.kz

Қазақстандық үстел теннисшісі Алан Құрманғалиев Түркияның Ыстамбұл қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Отандасымыз жұптық сында Иран өкілі Беньямин Фараджимен бірге өнер көрсетті.

Жартылай финалда қазақстандық-ирандық жұп Оңтүстік Корея спортшыларына 0:3 есебімен есе жіберді. Осылайша, олар жарысты қола медальмен аяқтады.

Айта кетейік, Алан Құрманғалиев 2022 жылы да жастар арасындағы әлем чемпионатында екі медаль жеңіп алған. Ол аралас жұптық сында чемпион атанса, жекелей сында қола жүлдеге ие болған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу