Александр Бублик биылғы маусымда рекордтық табысқа қол жеткізді

112

Маусым аяқталып, теннисшілер қауымдастығы спортшылардың табыс көлемін жариялады. 

Александр Бублик биылғы маусымда рекордтық табысқа қол жеткізді

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик маусымды рекордтық табыспен аяқтады. Кәсіби теннисшілер қауымдастығының ресми мәліметіне сәйкес ол 2025 жылы 2 905 991 АҚШ доллары (шамамен 1,5 млрд теңге) табыс тауып, бір маусымдағы табыс көлемі бойынша жеке рекордын орнатты. 

Теннисшінің жалпы мансаптағы табысы 10 646 354 долларды (шамамен 5,5 млрд теңге) құрады. Жыл қорытындысы бойынша Бублик АТР рейтингінде 11-орынға бірақ көтерілді. Бұл оның мансабындағы ең жоғары көрсеткіш.

2025 жылы Бублик төрт турнирде жеңіске жетті. Ал жалпы мансабында сегіз АТР турнирінің чемпионы атанған. 

Айта кетейік, әлемнің бірінші ракеткасы Яник Синнер 10 млрд теңге, ал рейтингте екінші орында тұрған Карлос Алькарас 9,8 млрд теңге табыс тапқан. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу