Александр Бублик Дубай турнирінің екінші айналымына шықты

1118

Қазақстанның бірінші, әлемнің 44-ракеткасы Александр Бублик Дубай ATP 500 турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Александр Бублик Дубай турнирінің екінші айналымына шықты

А.Бублик алғашқы айналымда рейтингте 59-орында тұрған жапониялық Есихото Нисиокамен кездеседі. Бірінші партияда қазақстандық теннисші брейкпен алға шығып, сол басымдылығын сақтап қалды – 6:4. Тартысты өрбіген екінші сет басында қарсыластар брейкпен алмасты. Ақыры тай-брейкте А.Бублик жеңісті жұлып алды – 7:6 (7:4). Бәсеке 1 сағат 24 минутқа созылды. Қазақстандық спортшы бұдан бұрын Сингапур турнирінде де Е.Нисиоканы ұтқан болатын. А.Бублик екінші айналымда әлемнің 34-інші, осы доданың 16-ракеткасы, италиялық Янник Синнермен шеберлік байқасады.
Жарысқа іріктеу сайыстары арқылы өткен тағы бір қазақстандық Михаил Кукушкиннің қарсыласы анықталды. Ол әлемнің 37-ракеткасы, германиялық Ян-Леннард Штруффпен күш сынасады. Жүлде қоры 2 млн АҚШ долларынан асатын турнир 20 наурызда аяқталады.

Сонымен қатар Александр Бублик ATP (Кәсіпқой теннисшілер ассоциациясы) чемпионатының үздік ондығы қатарына енді. Жаңартылған рейтингте Бублик бір сатыға жоғары көтерілді және маусымдағы көшбасшылар тізімінде 9-шы орынға жайғасты. Бұл көрсеткіш Бубликтің Анталия мен Сингапурда өткен ATP 250 сериялы турнирлерінің финалына шыққанының жемісі болып отыр.
ATP Чемпиондық жарысы (15 наурыздағы көрсеткіш бойынша): 
1. Новак Джокович (Сербия) — 2140
2. Даниил Медведев (Ресей) — 1950
3. Андрей Рублёв (Ресей) - 1260
4. Стефанос Циципас (Греция) — 1060
5. Аслан Карацев (Ресей) — 765
6. Маттео Берреттини (Италия) — 495
7 (+2). Мартон Фучович (Венгрия) - 465 
8 (-1). Диего Шварцман (Аргентина) — 460
9 (+1). Александр Бублик (Қазақстан) — 430 
10 (-2). Александр Зверев (Германия) — 425.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу