Қазақстандық теннисші Александр Бублик Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында өтіп жатқан ATP-500 санатындағы турнирдегі өнерін мерзімінен бұрын аяқтады.
Екінші айналымда Бублик нидерландтық Таллон Грикспурмен кездесіп, матч 1 сағат 23 минутқа созылды. Нәтижесінде, Грикспур екі сетте жеңіске жетті – 6:3, 7:6.
Кездесуде фаворит саналған Бублик өз мүмкіндігін толық пайдалана алмады. Ол матч барысында 12 эйс жасап, екі қос қателік жіберді. Ал Грикспур 14 эйс орындап, бірде-бір қос қателік жібермеді, бұл жеңісіне әсер еткен негізгі факторлардың бірі болды.
Бұл Бублик үшін Грикспурмен өткен жеке кездесулердегі алғашқы жеңіліс болып отыр. Бұған дейін қазақстандық теннисші қарсыласын 4 рет қатарынан жеңген еді.