Александр Бублик финалға жолдама алды

1605

Қазақстанның бірінші, әлемнің 44-ракеткасы Александр Бублик Метц (Франция) ATP 250 турнирінің финалына жолдама алды.

 Александр Бублик финалға жолдама алды

Қазақстандық теннисші жартылай финалда дүниежүзілік рейтингіде 284-орында тұрған, "Үлкен дулыға" турнирлерінің үш дүркін чемпионы, швейцариялық Станислас Вавринкамен кортқа шықты. 

Бірінші партияда есеп 2:1 болып, Бублик брейкпен алға шыққан кезде С. Вавринка жарақатына байланысты матчты жалғастырудан бас тартты. 

Қазақстандық теннисші финалда әлемнің 65-ракеткасы, италиялық Лоренцо Сонегомен бас жүлдені сарапқа салады.

Ермұхамед Мулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу