Александр Бублик Швейцариядағы жарыстың жартылай финалына шықты

269

Ол спорттық мансабындағы 19-шы жартылай финалға жолдама алды. 

Александр Бублик Швейцариядағы жарыстың жартылай финалына шықты Фото: meta-ratings.kz

Әлемнің 34-ракеткасы, қазақстандық теннисші Александр Бублик Швейцарияның Гштаад қаласында өтіп жатқан ATP 250 санатындағы топырақ жабындысындағы турнирдің жартылай финалына жолдама алды.

Ширек финалда Александр Бублик аргентиналық Франсиско Комесаньяны сенімді түрде жеңіп, кездесуді 6:4, 6:3 есебімен аяқтады.

Матч 1 сағат 11 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде Бублик 9 эйс жасап, 3 қос қателікке жол берді. Сонымен қатар, ол 4 брейк-пойнттың екеуін тиімді пайдалана білді.

Айта кетейік, бұл Александр Бубликтің маусымдағы сәтті өнер көрсетіп жүрген кезекті турнирі. Енді ол жартылай финалда Артур Казюмен кездеседі. Матч бүгін, 19 маусым Roy Emerson Arena кортында 16:30 басталады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу