Александр Бублик Монфилске есе жіберді

509

Вашингтонда өтіп жатқан турнирдің жалпы жүлде қоры 1,9 миллион долларды құрайды.

Александр Бублик Монфилске есе жіберді

Қазақстандық теннисші Александр Бублик Вашингтонда өткен турнирге қатысты. Француз теннисшісі Гаэль Монфилс 1/16 финалдық кезеңде Александр Бубликті 6:3, 6:4 есебімен ұтты.  Кездесудің ұзақтығы 1 сағат 23 минутты құрады.

1/8 финалда Монфилс Голландия өкілі Таллон Грикспормен ойнайды. 31 шілде шілде күні басталған Вашингтондағы турнир 6 тамызға дейін жалғасатын болады. Ерлер арасындағы жекелей сында турнирдің жалпы жүлде қоры 1,9 миллион долларды құрап отыр. Турнирдің өткен жылғы жеңімпазы финалдық кездесуде Йосихито Нисиоканы жеңген аустралиялық Ник Кириос.

Айта кетейік, осыдан бірер күн бұрын Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (ATP) жаңартылған рейтингті жария етті. Қазақстанның үздік теннисшісі 26-дан 25-орынға көтерілді. Бұл – оның әлемдік рейтингтегі үздік көрсеткіші.

Ал еліміздің жұптық сындағы бірінші, әлемнің 45-ракеткасы Александр Недовесов Кицбюэль (Аустрия) ATP 250 турнирінің жартылай финалына жолдама алды. Доданың 4-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші эквадорлық Гонсало Эскобармен бірге ширек финалда монаколық Ромен Арнеодо – аустриялық Сэм Вайссборнмен кортқа шықты.

Бірінші партияда қазақстандық-эквадорлық дуэт 6:3 есебімен басымдылық танытты. Екінші сетте де олар 2:0 есебімен алға кетті. Тағы бір брейк – 5:2. Сосын матчты жеңіспен түйіндеді – 6:2. Бір сағаттан астам уақытқа созылған бәсеке барысында 3 эйс жасап, 7 брейк-пойнттың төртеуін мүлт жіберген жоқ. Александр Недовесов пен Гонсало Эксобар финалға шығу үшін жарыстың 2-ракеткалары, италиялықтар Симоне Болелли – Андреа Вавассори немесе португалиялық Франсишку Кабраль – бразилиялық Рафаэль Матос жұптарының қай жеңгенімен кездеседі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу