Александр Бублик Ролан Гаррос турнирінің келесі айналымына шықты

494

Бублик 6:4, 7:5, 6:3 есебімен үш сетте жеңіске жетті. 

Александр Бублик Ролан Гаррос турнирінің келесі айналымына шықты Фото: ҚТФ

Қазақстанның бірінші, әлемнің 17-ракеткасы Александр Бублик Парижде өтіп жатқан Ролан Гаррос турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингіде 112-орында тұрған франциялық Грегуар Баррермен бетпе-бет келді.

Бублик 6:4, 7:5, 6:3 есебімен үш сетте жеңіске жетті.

Екі сағат 15 минутқа созылған бәсеке барысында ол 11 эйспен бірге 16 брейк-пойнттың жетеуін пайдаланды.

Баррер 2 эйс, 4 брейкпен (13 брейк-пойнт) көзге түсті.

Александр Бубликтің келесі қарсыласы — әлемнің 41-ракеткасы, германиялық Ян-Леннард Штруфф.

Ол бастапқы кездесуінде рейтингіде 144-сатыдағы аргентиналық Роман Андрес Бурручагадан айласын асырды — 6:3, 6:2, 6:1.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу