Александр Бублик Шанхайдағы ATP 1000 турнирінің үшінші айналымына шықты

115

​Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Қытайдың Шанхай қаласында өтіп жатқан ATP 1000 санатындағы турнирдің үшінші айналымына жолдама алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.  

Александр Бублик Шанхайдағы ATP 1000 турнирінің үшінші айналымына шықты Фото: nur.kz

Әлемдік рейтингте 22-орында тұрған қазақстандық теннисші жарысты екінші айналымнан бастады. Оның қарсыласы әлемдік рейтингте 75-орында тұрған чехиялық Томаш Махач болды.

Алғашқы сетте Бублик ерте брейк жасап, 6:4 есебімен жеңіске жетті. Екінші партияда да қазақстандық спортшы брейкке қол жеткізгенімен, қарсыласы есепті теңестірді. Тартысты өткен тай-брейкте Бублик 7:6 (7:4) есебімен басым түсті.

Бір сағат 23 минутқа созылған матчта қазақстандық теннисші 18 эйс орындады. Сондай-ақ алты брейк-пойнттың екеуін сәтті пайдаланды. Ал Томаш Махач төрт эйс жасап, бір брейкке қол жеткізді.

Енді Александр Бублик төртінші айналымға шығу үшін әлемнің 18-ракеткасы, америкалық Брэндон Накашимамен кездеседі.

Айта кетейік, өткен жылы Бублик Шанхайдағы турнирдің екінші айналымынан аса алмаған еді. Биылғы маусымда тұрақсыз ойын көрсеткен қазақстандық теннисші үздік 20 спортшының қатарынан шығып қалған. Сондықтан алдағы кездесулерде сәтті өнер көрсету оған рейтингтік ұпайларын арттыруға мүмкіндік береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу