Отандасымыз осыған дейін ATP турнирлерінде 12 рет финалға шығып, соның 5-еуінде чемпион атанған. Бұл – Александр Бубликтің топырақ төсенішіндегі жарыста алғашқы финалы.
Александр Бубликке шешуші бәсекеде дүниежүзілік рейтингіде 109-орында тұрған Хуан-Мануэль Серундоло қарсылас атанды.
2 сағат 7 минутқа созылған ойында Александр Бублик 13 эйспен бірге 14 брейк-пойнттың 4-еуін өз еншісіне жазды. Хуан-Мануэль Серундоло 1 эйс жасап, 10 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды.
Осылайша, Александр Бублик алғаш рет топырақ төсенішіндегі турнирде жеңімпаз болды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу